Бүгін, 26 шілде Қазақстан құрамасының қоржыны Олимпиаданың тағы бір жүлдесімен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ауыр атлетикадан қазақстандық Зульфия Чиншанло өнер көрсетеді. 55 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы жарыс Қазақстан астанасының уақытымен 16:55-те басталады. Qazaqstan оны тікелей көрсетеді.
Сонымен қоса, бүгін 52 келіде жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов рингке шығады. Оның бірінші қарсыласы пуэрториколық Янкьель Ривера Фигероа болады. Кешкі сессияның басталуы 14:00. Тікелей көрсетілімді "Хабар" арнасы жүргізеді, жарысты мына сілтеме арқылы өтіп тамашалай аласыз.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында ауыр атлетикадан бір жүлде бар — 61 келіде Игорь Сон қола жеңіп алды. Елдос Сметов те дзюдодан қола жүлде жеңіп алған болатын.
false