Бүгін кешке Алматыда велошеру өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін кешке Алматыда велошеру өтеді

Бүгін кешке Алматыда велошеру өтеді

Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік кірістер Комитетінің құрылғанына бір жыл толуына орай,

  • 14 Тамыз 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

сондай-ақ спорт күнінің құрметіне және «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал» акциясына қолдау көрсету мақсатында бұқаралық велошеру өтеді. Бұл туралы Алматы қ. Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Қатысушылар кешкі сағат 20:00-де Республика алаңына жиналады (Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы). Ал шеру сағат 20:30-да басталады. Велосипедшілер Сәтбаев көшесімен жүріп отырып, Сейфуллин даңғылына жеткен соң, солға бұрылып әл-Фараби даңғылына дейін жүреді. Одан оңға бұрылып батысқа қарай жол тартады. Мәре сызығы —  ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алды.

Осыған байланысты, аталған жолдарда автокөлік жүрісі уақытша шектеледі.


Велошерудің белсенді қатысушыларына арнайы жүлделер табыс етіледі. Шеру соңында қатысушыларға арналған кішігірім концерт болады.  

Айта кетелік, Қазақстанда спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі күні атап өтіледі. 

Соңғы жаңалықтар