Дания - Қазақстан матчында Израиль төрешілері қызмет атқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дания - Қазақстан матчында Израиль төрешілері қызмет атқарады

Дания - Қазақстан матчында Израиль төрешілері қызмет атқарады

2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Дания - Қазақстан матчында израильдық Алон Йефет бастаған төрешілер тобы қызмет атқарады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазды.

  • 9 Қараша 2016
  • 683
Фото - Caravan.kz

Бас төрешіге Дэнни Красиков пен Ниссан Давиди көмектеседі. Қосалқы төреші — Орел Гринфилд.

Бас төреші Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының матчтары, Әлем және Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік еткен.

Сонымен қатар, Алон Йефет қазақстандық жанкүйерлерге «Астана» — «ХИК» кездесуі арқылы танымал. 2015/2016 жылғы Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде елордалық футболшылар өз алаңында фин клубын 4:3 есебімен ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, Дания — Қазақстан матчы 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Копенгагенде өтеді. Матч Астана уақыты бойынша 01:45 басталады. «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары ойынды тікелей эфирден көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар