Дүниежүзілік каратэ федерациясы Қазақстандағы каратэ спортының дамуын жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік каратэ федерациясы Қазақстандағы каратэ спортының дамуын жоғары бағалады

Дүниежүзілік каратэ федерациясы Қазақстандағы каратэ спортының дамуын жоғары бағалады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков, Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) төрешілер комитетінің төрағасы Эдуардо Хавьер Эскаланте және Азия каратэ федерациясының төрешілер комитетінің төрағасы Мансур Ас-Сұлтан Алматы қаласында кездесті.

  • 29 Маусым 2021
  • 47
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына жаңадан енген спорт түрі каратэнің дамуы жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Olympic.kz.-ке сілтеме жасап. 

Функционерлер ұлттық каратэ федерациясының шақыруы бойынша халықаралық төрешілер семинарына қатысуда. Эскаланте — Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында каратэ бойынша төрешілер корпусының төрағасы.

ҰОК-тің Алматыдағы кеңсесінде өткен кездесуде каратэдің техникалық аспектілері және оның біздің елде, сондай-ақ, жекпе-жек өнері дәстүрлі түрде дамыған Азия аймағындағы болашағы туралы талқыланды. Қонақтар қазақстандық спортшылар мен отандық төрешілердің деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Халықаралық WKF санаттағы төреші қазақстандық Молдағали Асқар Олимпиада ойындарының төрешілерінің резервтік тізімінде бірінші болып тұр және осы тізімде ол ең жас төреші болып есептеледі.

«Каратэ 2017 жылы олимпиадалық бағдарламаға енгізілді. Әлемдегі миллиондаған адам, соның ішінде қазақстандықтар үшін бұл өте жақсы жаңалық. Біз өз спортшыларымыздың іріктеу кезеңдеріндегі өнерін мақтан тұтамыз. Каратэ бойынша Токио Олимпиадасында бақ сынайтын 82 спортшының бесеуі біздің елімізден қатысады. Бұл ұлттық федерацияның үлкен және қарқынды жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, федерацияның дамуы халықаралық деңгейде жоғары дәрежеде көрінеді. Біздің төрешілердің әлемдегі ең жақсы төрешілер қатарына қосылуы, әрине, біз басқа спорт түрлерінде де талпынуымыз керек.

Ұлттық федерациялардың рөлі жылдан-жылға артып келеді. Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі де оларды халықаралық деңгейде қолдау және дамыту болып табылады», — деді
А.Крюков
кездесуде.

Олимпиада ойындарындағы каратэ жарыстары 5-7 тамызда 1970 жылы каратэден алғашқы әлем чемпионаты өткен бүкіл әлемдегі каратэшілер үшін маңызы зор Nippon Budokan аренасында өтеді.

Қазақстан сапынан бес каратэші алғаш рет Олимпиада ойындарына Қазақстанның намысын қорғайды. Атап айтқанда, Дархан Асаділов (67 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (55 келіге дейін), Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін), Софья Берулцева (61 келіден жоғары) және Данияр Юлдашев (75 келіден жоғары) Токиода тер төгеді.

Соңғы жаңалықтар