Джейкобс тез арада Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джейкобс тез арада Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келетінін айтты

Джейкобс тез арада Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келетінін айтты

[wpcode id="1694287"] Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша

  • 4 Сәуiр 2017
  • 380
Фото - Caravan.kz


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) тез арада екінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Олардың бірінші кездесу 18 наурыз күні, Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Головкиннің жеңісімен аяқталды. Бірақ жекпе-жектен кейін Джейкобс өзінің жеңісіне сенімді болғанын айтты.

"Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ мен шамалы күту керек екенін білемін. Өйткені, алдағы уақытта Головкиннің жоспарлары бар. Ал менің жанкүйерлер маған қарсылас ретінде кімді көргісі келетін?", — деп жазба қалдырды боксшы өзінің твиттер парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс командалары арасындағы жасалған келісімшартта екінші жекпе-жек деген мәселе қарастырылмаған. Дегенмен жекпе-жектен кейін Головкинмен америкалық боксшымен екінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар