Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық 3 балуан сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық 3 балуан сайысқа түседі

Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық 3 балуан сайысқа түседі

 

  • 11 Қазан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

11 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Бүгін татамиге ерлерден Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (100 келіден жоғары), әйелдерден Аруна Жангелдина (78 келі) шығады.

Белдесулер елорда уақытымен сағат 12:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қ
ола медаль
алған болатын.

Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар