Елеусінов пен Дычко әлі жаттығу жұмыстарына кіріспепті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елеусінов пен Дычко әлі жаттығу жұмыстарына кіріспепті

Елеусінов пен Дычко әлі жаттығу жұмыстарына кіріспепті

[wpcode id="1694287"] Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы, ал бүгінгі таңда Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегер

  • 10 Сәуiр 2017
  • 354
Фото - Caravan.kz


Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы, ал бүгінгі таңда Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегері Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың бапкері Дерек Сантос-РоссариоVesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшылардың әлі жаттығу жұмыстарына кіріспегенін айтып берді.

— Жаттығу жұмыстары әлі басталған жоқ. Мен тіпті Елеусіновті де Дичконы да көрген жоқпын, — дейді Сантос.

— Ол боксшыларың кәсіпқой бокстағы бірінші кездесулері мамырға жоспарланған еді. Ол уақытқа дейін дайындалып үлгереді ме?

— Жақсы сұрақ. Мен жаттығуды дәл қазір бастап кетуге дайынмын. Бірақ мен боксшыларды әлі көргенім жоқ. Сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Ол сұрақты сіздер промоутер Майк Алматураға қойғандарыңыз дұрыс.

Бұған дейін MJA Entertainment промоутерлік комапниясының басшысы Майк Алматура боксшылары наурыз айында АҚШ-қа барып, жаттығуға кірісетінін айтқан еді. Сонымен қатар ол боксшылардың барлық шығын өз мойындарына алатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Елеусінов пен Дычконың кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жектері мамыр айында Қытай жерінде өтеді деп жоспарланған еді

Т

Соңғы жаңалықтар