Еуропа лигасы: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа лигасы: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды

Еуропа лигасы: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды

Еуропа лигасының бірінші және екінші іріктеу сатысындағы жеребесі тартылып, Қазақстан клубтарының осы екі кезеңдегі қарсыластары белгілі

  • 21 Маусым 2017
  • 531
Фото - Caravan.kz

Еуропа лигасының бірінші және екінші іріктеу сатысындағы жеребесі тартылып, Қазақстан клубтарының осы екі кезеңдегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана футбол федерациясына сілтеме жасап.

Еуропа лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі:

«Қайрат» — «Атлантас» (Клайпеда, Литва) — 29.06.17 және 6.07.17

«Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) — «Ордабасы» — 29.06.17 және 6.07.17

«Ертіс» — «Дунав» (Русе, Болгария) — 29.06.17 және 6.07.17  

Еуропа лигасы. Екінші іріктеу кезеңі:

«Қайрат»/«Атлантас» (Клайпеда, Литва) — «Скендербеу» (Албания)/«Сан-Хулиа» (Андорра) — 13.07.17 және 20.07.17

«Абердин» (Шотландия) — «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина)/«Ордабасы» — 13.07.17 және 20.07.17

«Ертіс»/«Дунав» (Русе, Болгария) — «Црвена Звезда» (Сербия)/«Флориана» (Мальта) — 13.07.17 және 20.07.17

«Еуропа лигасында осал қарсылас болмайды. Бәрі де өз елдерінің бетке ұстар командалары. Десек те, екінші іріктеу кезеңінде біздің командаларымызға УЕФА рейтингісінде коэффициенттері аса жоғары клубтар түскен жоқ. Осы ретте айта кетейік, екінші іріктеу сатысында «Галатасарай» (Түркия, коэф. — 58,840), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль, коэф. — 23,375) және басқа да азулы командалар болған. Мәселен, Еуропа лигасындағы біздің клубтарымыздың коэффициенттері бұлардан әлдеқайда төмен болатын: «Қайрат» — 5,550; «Ордабасы» — 4,050 және «Ертіс» — 3,550. Енді осы үшеуінің қарсыластарын пайымдап көрейік: «Црвена Звезда» (Сербия) — 7,325 «Скендербеу» (Албания) — 6,800 «Абердин» (Шотландия) — 6,785 «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) — 3,550 «Дунав» (Русе, Болгария) — 3,175 «Атлантас» (Клайпеда, Литва) — 1,825», — деп жазылған сайтта.  


 

Соңғы жаңалықтар