Жарияланды: 590

Еуропа лигасында ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

Еуропа лигасында ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

Ширек финалдың жеребесі бүгін тартылады. Футболдан Еуропа лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

1/4 финалға Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Сельта», Түркияның «Бешикташ», Германияның «Шальке», Нидерландының «Аякс», Францияның «Лион», Бельгияның «Генк» және «Андерлехт» командалары шықты. Ширек финалдың жеребесі бүгін тартылады. Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш маусымда Еуропа лигасын Испанияның «Севилья» клубы жеңіп алған болатын. Биыл бұл команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жетті. 2017 жылғы Еуропа лигасының финалы 24 мамыр күні Стокгольмдегі Friends Arena стадионында өтеді.

 

Пікір қалдырыңыз

[X]