”Физикалық тұрғыда әлсіз болды”: Әлем чемпионы Шұғыла Өмірбектің бапкері көпшілік білмейтін жайтты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 521.01
  • 603.43
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Физикалық тұрғыда әлсіз болды”: Әлем чемпионы Шұғыла Өмірбектің бапкері көпшілік білмейтін жайтты айтты

”Физикалық тұрғыда әлсіз болды”: Әлем чемпионы Шұғыла Өмірбектің бапкері көпшілік білмейтін жайтты айтты

Сербияның Нови Сад қаласында әйелдер күресінен U23 әлем чемпионатында тарихи алтын алған Шұғыла Өмірбектің бапкері алдағы жоспарларымен бөлісті.

  • 31 Қазан
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұржігіт Ерімбетов “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда отандансымыз Түркияның бірнеше дүркін чемпионы Тубой Демірді 12:8 есебімен жеңді.

Қазақ еліне тарихи алтын сыйлаған Шұғыла Өмірбектің бапкері шәкіртімен алғаш кездескен сәтін еске алып, көпшілік біле бермейтін естелігімен бөлісті.

”Үйірмеге оқушы жинап жүргенде спорт залында жылап отырған Шұғыланы байқадым. Содан оның көңілін аулап, қолдау білдіріп, күрес үйірмесіне шақырдым. Шұғыла кішкентай кезінде физикалық тұрғыда әлсіздеу, бірақ өте ақылды болды. Сабақты жақсы оқыды, шахматты да жақсы ойнады. Мектептегі дене шынықтыру мұғалімдері де осы қыз жақсы дегендей бағыт-бағдар берді. Жылқы баптайтын атбегілер атты бір көргеннен таниды ғой. Сол сияқты осы саланың маманы болғаннан кейін бірден көзіме ыстық көрінді. Шұғыла өте салмақты, биязы. Спортта жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді. Жеңілген сәттерде спортшылар “менен ештеңе шықпайды” деп сынып кетуі мүмкін. Сондай жағдайда жаттықтырушының басты міндеті — шәкіртіне қолдау көрсетіп, жігерін оятып, жеңімпаз болатынына сендіру”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Шұғыланың жеке бапкері негізгі мақсат олимпиада екенін де жасырмады.

”Қараша айында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады деп жатыр. Әлі нақты емес. Жоспар бойынша ел біріншілігіне қатысамыз. Шұғыла 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанып тарихқа атын алтын әріппен жазды. Енді ересектер сапында да сол жетістікті қайталасақ деген арман-ниетіміз бар. Одан кейін Лос-Анджелестегі олимпиадаға қатысу — ең басты арманымыз, мақсатымыз. Соған жету жолында жұмыс істейміз”, — дейді ол.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 әлем чемпионатында бүгінге дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген. Аталмыш жарыста топ жарып, ел абыройын асқақтатқан Шұғыла Өмірбектің жеңісі Қазақстан әйелдер күресі тарихында ерекше орын алары сөзсіз.

Шұғыла Өмірбек — 2024 жылы Иорданияда өткен U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера