Футболдан ӘЧ: Доп додасының тоғызыншы күні қандай матчтарды көреміз
![]() |
Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында G және H топтарының ойындары өтеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
G тобында Бразилия мен Швейцария құрамалары өзара сайысқа түссе, Камерун мен Сербия командалары алғашқы ұпайларын алуға тырысады.
Рональду бастаған Португалия құрамасы уругвайлықтарды жеңген жағдайда 1/8 финалға мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал Оңтүстік Корея құрамасы Гана ұлттық құрамасымен кездеседі.
Барлық матчтарды қазақстандықтар Qazsport телеарнасынан көре алады.
16:00. G тобы. Камерун – Сербия (Qazsport)
19:00. H тобы. Оңтүстік Корея – Гана (Qazsport)
22:00. G тобы. Бразилия – Швейцария (Qazsport)
01:00. H тобы. Португалия – Уругвай (Qazsport)
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін