Футболшы өз қақпасына 40 метрден гол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Футболшы өз қақпасына 40 метрден гол салды

Футболшы өз қақпасына 40 метрден гол салды

Нидерландыда «Витесс» қорғаушысы Фанкати Дабо чемпионаттың 12-турында «Гронингенмен» өткен матчта өзгеше автоголмен ерекшеленді. 

  • 20 Қараша 2017
  • 693
Фото - Caravan.kz

Кездесу Гронингеннің «Эйроборг» стадионында өтті және 4:2 есебімен нидерландылықтардың жеңісімен аяқталды.

Автоголдың видеосы YouTube-те жарияланды.

59 минутта есеп 1:0 көрсеткішімен өз командасының пайдасында Дабо қапталдан доп алып, өз қақпасына қарай абайсыз пас берді. Ол допты өз командасының қақпашысы Йерун Хаувенге бермек болған еді, бірақ ара қашықтықты  дұрыс есептей алмады. 

Теңбіл доп қонақтардың шабуылшысы Йерун Хаувеннің төбесінен қиялай өтіп, қақпадан бір-ақ шықты. 


 

Соңғы жаңалықтар