GGG жекпе-жектен шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
GGG жекпе-жектен шеттетілді

GGG жекпе-жектен шеттетілді

 

  • 11 Маусым 2019
  • 144
Фото - Caravan.kz

9 маусым күні Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тынығып, қалпына келуге мұрсат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нью-Йорктегі Атлетикалық Комиссиясының шешімі бойынша, қазақстандық үш боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО), Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) және Бахтияр Эюбовты (14-1-1, 12 КО) жекпе-жекке шығудан уақытша шеттетті.

Оның себебі – спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыптарына келулері керек. GGG мен Ахмедов енді ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін шаршы алаңға шыға алмайды. Ал Эюбов 22 маусымға дейін демалады.

Головкиін 9 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллсті төртінші раундта нокатуқа түсіріп, мансабындағы 39-шы жеңісініне қол жеткізген болатын.


Ал Головкин — Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниэлді үшінші раундта жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC International белбеуін жеңіп алған еді. 

Соңғы жаңалықтар