Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады

Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады

Кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырған болатын.

  • 8 Маусым 2018
  • 376
Фото - Caravan.kz

The Ring р журналының авторы Майк Коппинджер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) чемпиондық белбеуінен айыру шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputniknews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сонымен бірге, Головкин екі ұдай жағдайда отыр. Ол "Қанеломен" жұдырықтасқысы келеді, алайда ақшаның тең жартысын алса ғана. Оған белбеу әрқашан маңызды болды, Геннадий 2015 жылы Давид Лемьеден IBF белбеуін тартып алған кезде өзінің барлық төрт белбеуді иелену мақсатына бір табан жақындады. Ол бірнеше күннің ішінде өз белбеулерінің бірін жоғалтты, сондай-ақ біраз гонорарынан айырылған болуы мүмкін", — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік,
кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырды
, өйткені қазақстандық боксшы 3 тамызға дейін украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

 

Соңғы жаңалықтар