Головкинді жеңу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз – Санчес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкинді жеңу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз – Санчес

Головкинді жеңу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз – Санчес

Санчестің пікірінше, егер Альварес сөзінде тұрса, екінші жекпе-жек мүлдем басқаша өрбуі мүмкін

  • 5 Ақпан 2018
  • 1036
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альварес бұл жолы өз уәдесін орындап, GGG-мен ашық айқасқа шыққанын қалайды, деп хабарлайды Sports.kz

Бұған дейін "Канело" екінші жекпе-жекте қазақстандықты нокаутқа түсіріп, төрешілерді жұмыссыз қалдыратынын  мәлімдеген еді. 

"Канело" алғашқы жекпе-жектің алдында айтқанын қайталады. Бірақ ол қашумен болды, тіпті GGG-ді нокаутқа түсіруге тырысқан да жоқ. Енді тағы да батырсынып отыр. Егер Альварес сөзінде тұрып, айтқанын орындаса, екінші жекпе-жек мүлдем басқаша өрбуі мүмкін. Головкинді нокаутқа түсіремін деген адам әрекеттену керек. Әлемнің үздік боксшысына қарсы жекпе-жекте бірдеңеге қол жеткізу үшін "түртіп" қойып, қашып жүру жеткіліксіз", — деп мәлімдеді Санчес The Ring-ке берген сұхбатында.

GGG мен "Канело" реваншы 5 мамырда өтеді.  


Соңғы жаңалықтар