Головкиннің келесі қарсыласы кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 14 ақпанға дейін уақыт берді. Ол осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізуі тиіс. Әйтпесе, GGG чемпиондық белбеуінен айырылады. Маңызды айқас алдында отандасымызға қарсылас болуы мүмкін боксшылар белгілі болды. 
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 12 Қаңтар 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі, аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.

Ол GGG-дың алдында үш таңдау тұрғанын айтты. Біріншісі, WBA тұрақты чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесу. Екіншісі, Фалькаомен IBF титулын қорғау. Үшінші әрі ең тиімді нұсқа – Зерафамен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин кейінгі кездесуін мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы өткізіп, есе жіберген болатын.


Соңғы жаңалықтар