Жарияланды: 50

Головкиннің келесі қарсыласының есімі ертең жарияланады

Головкиннің келесі қарсыласының есімі ертең жарияланады

Ертең Альварестің допингіне қатысты істің қаралымы да өтеді.

Орта салмақтағы өнер көрсететін Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) осы салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) келесі қарсыласы болатын болды. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, екі боксшының командалары келіссөз кезінде біраз нәрсені шешіп қойған. Жекпе-жек Америка уақыты бойынша 18 сәуір күні ресми хабарланады. Осы күні мексикалық боксшы Сауль "Канело Альварестің допинг дауына байланысты ісі де қарастырылады. 

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек болатын. Бірақ екі мәрте допинг сынақтан өте алмай, қанынан кленбутерол дәрумені табылған мексикалық боксшыны Невада штатының Атлеттер комиссиясы уақытша жекпе-жектен шеттетті. Кейін "Канелоның" өзі кездесуден бас тартты. 

"Канелоның" айтуынша, кленбутерол дәрімені оның ағзасына бұзылған ет арқылы түскен. Егер алдағы істің тыңдалымы кезінде Альварес өзінің таза екенін дәлелдей алмаса, онда ол ұзақ мерзімге бокстан шеттетілуі ықтимал. 

Айта кетейік, бұл жағдайға қарамастан Головкин бәрібір де 5 мамыр күні кездесу өткізуге ниетті. Бірақ қарсылас таңдау кезінде біраз қиыншылықтарға тап болып отыр. Бұл мәселелердің барлығы осы аптада шешілуі керек. 

Ұқсас тақырыптар:

Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шықпайды - BoxingScene шолушысы

Сауль Альварес: Головкин менен қорқады
«Канеломен» кездесу өтпеуі мүмкін - Сарапшы
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть