Головкиннің қарсыласы әлемнің ең көп ақша төленетін боксшысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің қарсыласы әлемнің ең көп ақша төленетін боксшысы атанды

Головкиннің қарсыласы әлемнің ең көп ақша төленетін боксшысы атанды

Forbes журналы әлемнің ең көп ақша төленетін спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz. Ең көп пайда табатын спортшыл

  • 8 Маусым 2017
  • 647
Фото - Caravan.kz

Forbes журналы әлемнің ең көп ақша төленетін спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ең көп пайда табатын спортшылардың тізімін «Реал» футболшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Одан кейін «Кливленд» баскетболшысы Леброн Джеймс, үштікті «Барселона» жұлдызы Лионель Месси тұйықтаған.

Бокс жұлдыздарының арасында жоғары позицияны (43-ші орын) Головкиннің келесі қарсыласы Сауль «Канело» Альварес иеленген. Былтыр мексикалық былғары қолғап шебері 28,5 млн доллар пайда тапқан болатын. Оның 27 миллионы – жалақы мен келісімшарт бойынша бонустар, ал қалған 1,5 миллионы – демеушілік келісімдер мен басқа да қызметтен түскен табыс.

Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең көп ақша төленетін спортшыларының алғашқы ондығы:

1. Криштиану Роналду (футбол, Португалия) — 93 млн доллар

2. Леброн Джеймс (баскетбол, АҚШ) — 86,2

3. Лионель Месси (футбол, Аргентина) — 80

4. Роджер Федерер (теннис, Швейцария) — 64

5. Кевин Дюрэнт (баскетбол, АҚШ) — 60,6

6. Рори Макилрой (гольф, Солтүстік Ирландия) — 50

7. Эндрю Лак (футбол, АҚШ) — 50

8. Стефен Карри (баскетбол, АҚШ) — 47,3

9. Джеймс Харден (баскетбол, АҚШ) — 46,6

10. Льюис Хэмилтон (Формула-1, Ұлыбритания) — 46.

Соңғы жаңалықтар