"Каспий" футбол клубының бұрынғы басшысы жемқорлық үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Каспий" футбол клубының бұрынғы басшысы жемқорлық үшін сотталды

"Каспий" футбол клубының бұрынғы басшысы жемқорлық үшін сотталды

Сот "Каспий" футбол клубының бұрынғы басшысын мемлекеттік қаражатты ысырап жасап, заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіргені үшін соттады, деп жазады "Лада" жергілікті басылымы.

  • 20 Шiлде 2017
  • 555
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық істің материалына сәйкес, футбол клубының бұрынғы басшысы Мэлс Қошанов 3133000 теңге мемлекет қаражатын иемденіп кеткені үшін айыпталған еді.

Басылым хабарлауынша, Қошановқа тағылған төрт айып бюджеттік қаражатты иемденіп, ысырап қылуға қатысты. Бесінші айып спорттық құрал-жабдықтарды жеткізуге лотты жеңіп алған кәсіпкерге қысым көрсетуіне байланысты. 

Сот анықтағандай, "Каспийдің" бұрынғы директоры қызмет көрсету мүмкіндігін өзінің шәкіртіне берген екен. Бұл дерек бойынша жеке сот өндірісі жүргізілуде.

"Сот сотталушыны бес жылға бас бостандығын шектеу және мүлкін тәркілеу жазасына кесті, сонымен бірге мемлекеттік лауазымды иеленуіне өмір бойына тыйым салды. Сотқа дейінгі тергеудің алдында сотталған азамат материалдық шығынды мемлекетке толығымен өтеген, сол себепті осындай үкім шығарылды", — деп түсіндірді Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев.


Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар