Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Құрама сапына жеті спортшы енді.

  • 15 Сәуiр
  • 3
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ерлер құрамасы қылыштасудан Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады.

Ел намысын Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Падуяда өткен осы жарыста Артем Саркисян күміс медаль жеңіп алған.