Жарияланды: 30

Хоккейден Қазақстан құрамасы енді элиталық дивизионда ойындар өткізеді

Хоккейден Қазақстан құрамасы енді элиталық дивизионда ойындар өткізеді

14 ұпаймен Қазақстан уақытынан бұрын бірінші орынға тұрақтады

Хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы соңғы матчта Венгрияның командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобындағы ойын 5 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "Барыс-Аренада" өтті. Ойын 3:1 есебімен аяқталды. 24-ші минутта Никита Михайлис алғашқы есепті ашты. Оған Никита Клещенко мен қақпашы Сергей Кудрявцев көмектескен. Екінші шайбаны 42-ші минутта Антон Некряч қақпаға соқса, ал венгриялықтардан 46-шы минутта шабуылшы Иштван Софрон есептің айырмашылығын қысқартқан. Соңғы шайбаны 58-ші минутта Евгений Рымарев нысанаға дәл тигізді. Нәтижесінде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.



2019 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін бұл бесінші жеңіс. Осыған дейін Андрея Скабелканың командасы Беларусьті (3:2) овертаймда жеңген. Ал Оңтүстік Кореяны (4:1) және Литваны (3:1) есептерімен негізгі уақытта ұтқан.

14 ұпаймен Қазақстан уақытынан бұрын бірінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ біздің құрамамен қоса элиталық дивизионға Беларусь командасы (10 ұпай) өтті. Қола медальді Оңтүстік Корея (9) иемденді. Алты ұпаймен Словения командасы Венгрияны жеңіп, төртінші орынға тұрақтанса, Литва үш ұпаймен бесінші орынға түсіп B тобына ауысты.

2020 әлем чемпионатында элиталық дивизиондағы ойындар 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Лозанна және Цюрих қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы бұл турнирде Азиядан өнер көрсететін жалғыз команда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін