Криштиану Роналдудың беті қанға боялды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Криштиану Роналдудың беті қанға боялды

Криштиану Роналдудың беті қанға боялды

Алаңнан кетіп бара жатып португалиялық футболшы дәрігерден телефон сұрады. Телефоннан өз жарақатын көрген ол басын шайқаған.

  • 22 Қаңтар 2018
  • 931
Фото - Caravan.kz

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду "Депортивке" қарсы матчта алтыншы гол салып болған соң жарақат алып қалды, деп хабарлайды Today.kz

Лукастың жіберген добын қабыл алған португалиялық допты қарсылас қақпасына қарай ойнақтатты. 

Бірақ қарсылас команданың қорғаушыларының бірі допты тебемін деп Роналдудың басына соққы жасады. Нәтижесінде Роналдудың беті қанға боялды.  

Алаңнан кетіп бара жатып португалиялық футболшы дәрігерден телефон сұрады. Телефоннан өз жарақатын көрген ол басын шайқаған.

Криштиану Роналду беті қанға боялған соң алаңнан шығып кетті. 

Естеріңізге салайық, мадридтік "Реалдың" футболшылары португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың менмендігінен жалығып, 
оған қарсы шыққан еді
. Кейбір әріптестері оның командадан кеткенін қалайтынын айтқан. 

 

Соңғы жаңалықтар