Мен Головкинді сұлатып салар едім - кіші Флойд Мейвезер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен Головкинді сұлатып салар едім - кіші Флойд Мейвезер

Мен Головкинді сұлатып салар едім - кіші Флойд Мейвезер

Қазіргі заманның ең үздік боксшысы атанған 38 жастағы кіші Флойд Мейвезер  (49-0, 26 КО) 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері,

  • 20 Қазан 2015
  • 466
Фото - Caravan.kz

орта салмақта WBA/IBF/WBC interim/IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен рингте кездескен жағдайда оны сөзсіз жеңетіні туралы мәлімдеді.

«Головкинді жеткен жетістігімен құттықтаймын, алайда ол менің салмағымда да мені жеңе алмас еді. Мен оны нокаутқа жіберер едім», — деген Мейвезердің сөзін келтіреді mmaboxing.ru.

Еске сала кетейік, Мейвезер қыркүйек айында спортпен қош айтысқанын жариялаған болатын.

Ал біздің жерлесіміз 18 қазан күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен кездесуінде канадалық боксшы Давид Лемьені жеңіп, IBF чемпиондық белдігін олжалаған еді. Оның қоржынында бұған дейін WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша чемпиондық атағы болған, деп жазады Vesti.kz


Соңғы жаңалықтар