Министр Қанат Исламның Астанада өткізетін жекпе-жегін кім ұйымдастырып жатқанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Қанат Исламның Астанада өткізетін жекпе-жегін кім ұйымдастырып жатқанын айтып берді

Министр Қанат Исламның Астанада өткізетін жекпе-жегін кім ұйымдастырып жатқанын айтып берді

[wpcode id="1694287"] Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтіп, оның басты жекпе-жегінде Қанат Ис

  • 31 Наурыз 2017
  • 471
Фото - Caravan.kz


Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтіп, оның басты жекпе-жегінде Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кім ұйымдастырып жатқанын айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"9 қыркүйекте Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді. Оның промоутерлік компаниясы осы кешті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеш "Сарыарқа" кешенінде өтеді", — дейді министрі EXPO-2017 аясында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған арнайы конференцияда.

"Барлығына Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру қызықтырып отыр. Министрлік — бұл орындаушы. Барлық елде солай. Бұл кешті ұйымдастыру бойынша барлық рұқсатты Кәсіпқой бокс федерациясы береді. Қазір федерация президенті Бекхожин кешігіп жатыр, оны сөзсіз қалдырмайын", — деп аяқтады Мұхамедиұлы.

Еске салайық, Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесуден кейін, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деген сыбыс шықты. Ол маусымда өтеді деген болжам айтылды, алайда, бұл жекпе-жектің мән-жайы әлі белгісіз.

Ал Астанаде 9 қыркүйекте Қанат Ислам мен қазақстандық өзге де белгілі боксшылар қатысатын үлкен бокс кеші өтеді. 32 жастағы Қанат Ислам бұл жекпе-жек атақ үшін болады деген сенімде. Осы кештің тағы бір жұлдызы бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар