Олимпиада алауы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада алауы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жетті

Олимпиада алауы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жетті

Олимпиада алауы 2016 жылғы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жеткізілді. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Бразилия құрамасының желкенші жеті атлеті алауды жағалауға жеткізді, оларды Рио мэрі Эдуард Паэс пен оның әйелі Кристин және балалары Бернард және Изабела күтіп алды.

  • 4 Тамыз 2016
  • 656
Фото - Caravan.kz

Мэр алауды порт аймағында бірнеше минут ұстап жүріп, эстафетаны спорт училищесінің 15 жастағы студенті Ребека Мораэс душ Сантосқа табыстады.

2016 жылдың 3 мамырынан бері Олимпиада алауы Бразилияны аралап келеді, ол 5 тамызда Риода Олимпиаданың ашылу салтанатына жеткізіледі. алау Бразилияның 300-ден астам қаласында болады.

Рио-де-Жанейро мэрі 4 тамызды ресми демалыс деп жариялады. Дәл осы күні алау қаланың ішін аралайды, жергілікті полиция бұл шерудің көшелердегі қозғалысқа кесірі тиюі мүмкін деп есептейді.


XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилияда 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл — Оңтүстік Америкадағы алғашқы Олимпиада ойындары.

Соңғы жаңалықтар