"Ордабасы" "Астананы" ойсырата жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ордабасы" "Астананы" ойсырата жеңді

"Ордабасы" "Астананы" ойсырата жеңді

"Астана" футбол клубының еліміздің оңтүстігіндегі ойыны да жанкүйерлерінің көңілінен шыға қоймады. Қазақстан премьер-лигасының қазіргі чемпионы "Астана" ел біріншілігінің бірінші турында шымкенттік "Ордабасыдан" 0:3 есебімен ұтылып қалды.

  • 9 Наурыз 2017
  • 729
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлады. 

"Астана" Шымкенттегі біріншіліктің алғашқы матчына еңсесі түсіп барған еді: демалыс күндері Қазақстанның суперкубогі үшін болған матчта алматылық "Қайраттан" 0:2 есебімен ұтылған болатын.

Ал бұл матчта есеп он бесінші минутты ашылды. "Ордабасы" хавбегі Мардан Төленбеков айып алаңынан гол соқты. 75-ші минутта жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев өзінің бұрынғы командасына гол салса, осы ойындағы соңғы голды 89-шы минутта "Ордабасы" футболшысы Абдулайе Диакате қарсыластар қақпасына тоғытты.

Ең қызығы, Қазақстан премьер-лигасы басталғалы алғашқы ойыннан соң "Астана" 12-орында тұр. "Тобыл", "Ордабасы", "Ертіс" және "Қайрат" командалары көш бастауға әбден лайықты көрінеді. Келесі турды "Астана" 12 наурызда Павлодар қаласында "Ертіске" қарсы өткізеді.


Соңғы жаңалықтар