"Ордабасы" клубы жарты миллиард теңгеге сатылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ордабасы" клубы жарты миллиард теңгеге сатылып кетті

"Ордабасы" клубы жарты миллиард теңгеге сатылып кетті

[wpcode id="1694287"] Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. "Ордабасы" командасы жарты миллиард теңг

  • 20 Шiлде 2017
  • 526
Фото - Caravan.kz


Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. "Ордабасы" командасы жарты миллиард теңгеге өткен, — деп хабарлайды TVK-UKO.

Отандық футболдағы елеулі оқиға 19 шілдеде болған. Клубты жекешелендіру бойынша сыбыстар екі жылдан бері айтылып келеді екен. Телеарна өкілдірінің мәліметінше, "ордабасылықтарды" сатып алуға үш үміткер таласқан. Алайда көп жылдан бері жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген клубтың жаңа иесі кім болғаны белгісіз қалып отыр.

Мұның алдында "Ордабасы" Кәсіпқой футбол клубы" акционерлік қоғамының сатылғаны туралы мәлімет gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрі сайтында пайда болған еді. Олардың қатарында "Спорт сервис "БИИК", "Намыс" спорт орталықтары және жеке тұлға бар. Бастапқы баға — 248 миллион теңге. Облыстық қаржы басқармасындағылар осы аталғандардың қайсысы 502 миллион теңге төлегенін нақтылап айтпады.

"Ордабасы" кәсіби футбол клубы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан премьер-лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады

 

Соңғы жаңалықтар