Өзбектер өз боксшысының жеңілгенін әділетсіздік деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектер өз боксшысының жеңілгенін әділетсіздік деп санайды

Өзбектер өз боксшысының жеңілгенін әділетсіздік деп санайды

Қазақ боксшысы Данияр Елеусіновтың ақтық сында Өзбекстан боксшысы Шахрам Гиясовты таза жеңуі, өзбектердің көңіл күйін түсіріп жіберді. Бокстан Орта Азиядағы басты бәсекелес ел саналатын өзбек спортшысының жанкүйлерлері «Шахрам Гиясов жеңілген жоқ. Судиялар әділетсіздік жасады», деп есептейді.

  • 18 Тамыз 2016
  • 4507
Фото - Caravan.kz

Тіпті кейбір өзбек ағайындар әлеуметтік желілерде іштегі ашу-ызасын ірікпей жазып қалдыруды жөн санапты. Caravan.kz медиа-порталының тілшісі солардың кейбіріне тоқталып көрді.

Мәселен:

Зохид Узбек: Шахрам нағыз чемпион! Судьялар не қарап отыр. Қазақ Шахрамды ұстап алғанды ғана біледі. Кейін қашып жүрді. Бұлай чемпион болу масқара, Данияр!

Мира Мира: Рефери дұрыс істеген жоқ. Қайта қайта тоқтатып, ескерту жасай береді. Қарсыласы дем алып алады. Рефери мен судьялар бейшара.

Елена Цуканова: Менің де ойым солай. Қазақстандық нақты ештеңе жасай алмады. Тек бірнеше дәл соққылары болмаса….

Клара Цвет: Судьялар да, рефери да сатылған, қорқаулар!!! Қазақстандық ешқашан нағыз көкжал бола алмайсың!!!

Асыланбек Умарбеков: Байқадыңдар ма, қазақстандықты сайыстан кейін тіпті жаттықтырушысы да құттықтамады…

Еркинджон Елмири: Шахрам лайықты! Қарсыласы қазақ рингте қашып жүрді.

Гюльноза Вадалова: Қазақ балет көрсетті

Алексей Горбунов: 3 раунд бойы қорқақ сияқты қашып жүріп чемпион болу, қазаққа масқара!

Дегенмен ала шапанды ағайындардың Шахрамның Даниярдан расымен де ұтылғанын мойындағандар да бар.


Жахонгир Убайдуллаходжаев: Дәлдік сәл жетпеді. Қарсыласы қазақ өте мықты тактитка қолданды. Дегенмен, Шахрам жарадың!

Низами Курхон: Шахрамның жеңіске деген ұмтылысы жақсы болды. Бірақ, техника болған жоқ. Лас бокс көрсетті, сәттілік!

Мухром Азизов: Иә, ол үнемі қорғаныста болды.Оның жарақаты болған сияқты. Бірақ, мойындау керек, біздің боксшы тигізе алмады және қарсы шабуылда соққы жеп қалды. Қазақстандықты құттықтаймын!

Тулкун Умаров: Өте өкінішті. Шахрам соққы саны бойынша асып түсті. Бірақ судияларға қазақстандық Левиттің жеңісін ресейлік Тищенкоға алып бергендері үшін айыбын өтеу керек болды. Бәрібір Шахрам, мықтысың!

Еске сала кетсек, бүгін Рио-де-Жанейрода 69 келі салмақта өнер көрсеткен боксшы Данияр Елеусінов ақтық сында өзбекстандық Шахрам Гиясовты 3:0 есбімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша Данияр Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлде салды.

Соңғы жаңалықтар