«Қайсар» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайсар» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

«Қайсар» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

«Қайсар» футбол клубына жаңа спорт директор тағайындалды.

  • 1 Қазан 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz


Клуб басшылығы бұл қызметке қызылордалық маман Марат Сәрсеновті лайық көрді, деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Юрий Новиковтың қызметтен кетуінен кейін бұл орын бос болған-ды. Көптеген үміткерлердің арасынан клуб басшылығы Марат Сәрсеновті таңдап, спорт директоры қызметіне тағайындады.

 Марат Сәрсенов 1972 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. Қызылорданың «Қайсарынан» бөлек, «Көкшетау», Ақмоланың «Целинник», «Цесна» және Атыраудың «Ақжайық» командаларында доп тепкен. Спорттың жолын аяқтаған соң қорғаушы клубтың құрылымында қалып, алдымен «Қайсардың» әкімшісі қызметін атқарды. Өткен жылы дубльдік құрамда бас бапкердің көмекшісі болса, биыл футбол орталығында жеткіншектерді жаттықтырумен айналысты.

Соңғы жаңалықтар