Қаршадай қазақ қызы екі дүркін әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаршадай қазақ қызы екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қаршадай қазақ қызы екі дүркін әлем чемпионы атанды

БАӘ, Әбу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship 2019» әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.Алматыдан аттанған спортшылар 10 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен оралады.

  • 26 Сәуiр 2019
  • 266
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Чемпиондардың барлығы спортшы әрі бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін «Sagadat Batyr – QTT» клубының шәкірттері. Жеңімпаздар қатарында аталмыш спорт түрінен әлемнің екі дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова сондай-ақ, былтырғы әлем чемпионатның қола жүлдегері Алина Махамбет бар. Биылғы бәсекеде Алина Махамбет алтыннан алқа тақты. Жеңімпаздар қатарындағы Жібек аталмыш спорт түрінен бұған дейін де бір мәрте әлем чемпионы атанған еді. Көбіне ер балалармен сайысқа шығатын Жібек бұл жолы да алтыннан алқа таңып, екі дүркін әлемпионы атанды. Айта кету керек, былтырғы чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Жаманбай бұл жолы да бағын сынап көрді. Жарыс барысында жақсы нәтиже көрсеткенімен қарсыластары одан басым түсті. Сондай-ақ биылғы бәсекеде Алина Махамбет алтыннан алқа тақты. Айта кету керек, былтырғы чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Жаманбай бұл жолы да бағын сынап көрді. Жарыс барысында жақсы нәтиже көрсеткенімен қарсыластары одан басым түсті.

«Шетелдіктер Еліміздің жас спортшыларының өнеріне тәнті болды. Жергілікті басылымдар біздің чемпиондар туралы жарыса жазуда. Біз әрине өте қуаныштымыз. Серіктестік туралы түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр. Барлық ұсыныс қаралады. Бұл бәсекеде шәкірттерім барын салып, әлем аренасында көк байрағымызды желбіреткені мен үшін үлкен бақыт. Бұл клубымыздың бапкерлері Самат Айтпанбет, Диас Қанайбеков пен Елжан Жұмаділ және Қазақстан Джиу-джитсу Ассоциациясының басшыларының жетістігі деп білемін. Бұл спорт қазір Елімізде қарқынды дамып келеді. Ауқымды шаралар жиі ұйымдастырылады. Мұндай жарыстардың арқасында жас спортшылар кәсіби біліктілігін арттырып, шыңдала түседі» — дейді бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Орынбасаров «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Тұрымбетов пен «Qazaqstan Top Team» Джиу-джитсу академиясының президенті Арлан Шабдарбаевқа Қазақстанда бұл спорттың дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдірді. Аға буынның қолдауымен Алматы облысында жалпы республика аумағында жақын шетел мен қала, облыс аралық жарыстар жиі өткізілуде.


Чемпионат қорытындысы бойынша алтын алқа иегерлері: Мағжан Марат, Әмина Қаухарбек, Әмір Баймұхан, Малика Сәлімова, Балайым Құмар, Жібек Құлымбетова, Алина Махамбет, Арсен Жүнісов, Санжар Әбуханов және Ибрагим Асылбеков.
Күміс алқа: Гамзат Шабанов, Вадим Фахрудинов, Таймас Сәлімов, Бексұлтан Мадами, Бекжан Жаманбай.
Қола жүлде иегерлері: Ерасыл Қабышұлы, Нариман Дауылбаев, Бекнұр Нұрлыбек, Аңсар Нұртаң, Абдулла Баятанов, Алихан Жаманбай, Ғалымжан Мелесов.
Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионаты ересектер мен джиу-джитсу ардагерлері арасында жалғасын тауып жатыр.

Бүгінгі күн қола медальмен басталды
БАӘ, Әбу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан өтіп жатқан әлем біріншілігінен келіп жеткен тағы бір ақжолтай хабар. Бүгін күлгін түсті белбеу иегері Самат Айтпамбет 56 келі салмақ дәрежесінде боз кілемде өнер көрсетті. Жеңіс жолында екі бразилия спортшысымен кездесіп, екеуін де тізе бүктірді. Бірақ үшінші қарсыласынан екі ұпай айырмашылығымен жеңіліс тапты. Қола жүлде үшін күресте араб джитсерімен күш сынасып, жеңіске жетті. Қола медальмен қатар мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы жеңіп алды. Айта кету керек, Самат Айтпамбет — Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін «Sagadat Batyr – QTT» клубының бапкері.

Соңғы жаңалықтар