Қазақ күресінен өтетін «Әлем Барысына» төрт қазақстандық балуан қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресінен өтетін «Әлем Барысына» төрт қазақстандық балуан қатысады

Қазақ күресінен өтетін «Әлем Барысына» төрт қазақстандық балуан қатысады

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт сарайында «EXPO Astana» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті әлем чемпионатына төрт қазақстандық балуан қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 28 Тамыз 2017
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа елу елдің балуаны келеді деп жоспарланған. Шетелдік спортшылардан бөлек, беделді біріншілікке Қазақстанның ең мықты төрт балуаны қатысады.

Айта кетейік, осыған орай 22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Жиын қорытындысы бойынша «Әлем Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын балуандар анықталады. Бас жаттықтырушы Ерлан Естектің жетекшілігімен өткізіліп жатқан жиында Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және тағы басқа белгілі балуандар бар.


 

Соңғы жаңалықтар