Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам, медалін тағы да лақтыра саламын - Аршавин - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам, медалін тағы да лақтыра саламын - Аршавин

Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам, медалін тағы да лақтыра саламын - Аршавин

«Қазақтың ұлттық асы етті жемеймін. Өйткені оның түрі ұнамайды», депті Футболдан Ресей ұлттық құрама қомандасының экс-капита

  • 16 Қаңтар 2017
  • 2464
Фото - Caravan.kz

«Қазақтың ұлттық асы етті жемеймін. Өйткені оның түрі ұнамайды», депті Футболдан Ресей ұлттық құрама қомандасының экс-капитаны қазіргі Алматының «Қайрат» командасының шабуылшысы Андрей Аршавин "Газете.Ru" порталына берген сұхбатында. Бұл туралы Caravan.kz хабарлды..

Ресей футболының бір кездегі жұлдызы болған Аршавинның бұған дейін түрлі ерсі қылықтары ел есінде қалған болатын. Әсіресе, былтыр Қазақстан кубогында иеленген медальін лақтыра салғаны қазақ жанкүйерлеріне ұнаған жоқ. Көпшілік мұны елді менсінбеушілік деп қабылдады. Әйтседе, аталған сұхбатта Аршавин сол қылығы үшін ақталуға тырысыпты.

«Ауа райы нашар болатын. Мен тынығатын бөлмеге кетіп бара жаттым. Ел қолдап айғайлап жатты. Сосын медаль біреуіне естелікке қалсын деп трибунаға лақтыра салдым. Өкінішке қарай, оны қарсылас команданың жанкүйері олжалапты, амал қанша», деген футболшы егер Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам оны да жанкүйерлерге естелікке лақтыра саламын дейді.


Сондай-ақ сұхбатта спортшы еліміздің солтүстігі Ресей қалаларынан еш айырмасы жоқ деп пайымдапты.

Соңғы жаңалықтар