Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының финалына шықты

Студенттер арасындағы футзал бойынша Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Португалия құрамасына төтеп беріп, нәтижесінде қазақстандық құрама алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 26 Тамыз 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Сонымен, 26 тамызда Алматы қаласындағы «Almaty Arena» кешенінде сағат 16.00-де басталатын финалдық матчта Қазақстан мен Ресей құрамасы кездесіп, жеңіс тұғыранан көріну үшін бар күш-жігерлерін салмақ.

Аргентина мемлекеті үлкен футбол, студенттер арасындағы футбол бойынша да әлем бойынша бетке ұстар командалардың бірі. Студенттер арасында өткізілген футзал бойынша Әлем Чемпионатының барлық ойындарында Аргентина құрамасы жақсы ойын көрсетіп, қазақстандық құрама үшін мықты қарсылас бола білді. Қазақстан мен Португалия арасындағы ойын қиын да қызықты өтіп, нәтижесінде қазақстандық құрама 6:2 көрсеткішімен өз қарсыласына төтеп берді. Жартылай финалда португалдықтармен ойынға шыққан қазақстандық құрама ойынның бірінші минутынан бастап-ақ барлық жанкүйерлердің қызығушылықтарын арттыра түсті. Өйткені португалдық құрама ойыншысы матчтың алғашқы минуттарында отандық құрама қақпасына гол соқты. Алайда 12 нөмірлі ойыншы Даурен Турсагулов шотты теңестіріп, қазақстандық құрама тарапынан да қарсыластар қақпасына гол соғылды. Келесі болып 11 нөмірлі ойыншы Агедиль Мадияров, кейін 10 нөмірлі ойыншы

Арнольд Кнауб гол соғып, отандық құраманы жеңіс тұғырына көтерді. 3:2 шотымен аяқталған ойын қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар