Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын бірден нокаутқа түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын бірден нокаутқа түсірді

Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын бірден нокаутқа түсірді

Қазақстан тумасы кезекті жекпе-жегін нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулдарын сақтап қалды

  • 10 Ақпан 2019
  • 57
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда дүниеге келген неміс боксшысы Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Берлиндегі Verti Music Hall залында рингке шыққан. Хаммердің қарсыласы грузин боксшысы Елена Сикмашвили (8-7, 4 КО) болды. Кристина екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Хаммер үшін бұл кездесу кәсіби карьерасындағы 24-ші жеңіспен аяқталды. Ол орташа салмақта WBC және WBO бойынша әлем чемпионы, бірақ бұл жекпе-жекте титул үшін таласпады. Маусым айында Кристина америкалық Тори Нельсонді (19-2-3, 3 КО) төрешілердің шешімімен ұтып, белбеулерін қорғаған еді.

Кристина Хаммер Қарағанды облысында дүниеге келген. Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды — қазір Дортмунд қаласында тұрады.


 

Соңғы жаңалықтар