Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 26 Сәуiр 2017
  • 341
Фото - Caravan.kz


69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қос жаттығу нәтижесі бойынша 335 келі (148+187) көтерді. Екінші орынды КХДР спортшысы (331 келі) иеленсе, үшінші орын қытайлық ауыратлетке (325 келі) бұйырды. 21 жастағы Альберт Линдер — Талдықорған қаласының тумасы. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Араға бір жыл сала ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 10-орын алған болатын. Ашхабадтағы Азия чемпионатын "KazSport" арнасы тікелей эфирде көрсетті.
 

Соңғы жаңалықтар