Қазақстандық гимнасшылар Әлия Асымова мен Анна Алябьева Азия чемпиондары атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық гимнасшылар Әлия Асымова мен Анна Алябьева Азия чемпиондары атанды

Қазақстандық гимнасшылар Әлия Асымова мен Анна Алябьева Азия чемпиондары атанды

16 маусымда Астанада көркем гимнастикадан V Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды.

  • 17 Маусым 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

Жарыс бағдарламасында жасөспірімдер арасында топтық жаттығулар, булава және лента жаттығулары өтсе, ересектер арасында көпсайыстың бірінші финалы болды, деп хабарлады елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша, жеке біріншілікте шеңбер жаттығуымен елордалық №1 спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әлия Асымова көш бастады. 14 жасар Әлия жарыстың екінші күні де тамаша өнер көрсетіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. чемпионки-Азии

Топтық жаттығуларға, өкінішке қарай, қазақстандық қыздар жанкүйерлерін қуанта алмады. Жапония, Қытай және Өзбекстан спортшылары жүлделік үш орында өзара бөліп алды. Қазақстан төртінші орынды қанағат тұтты.

Көпсайыс бойынша жеке біріншіліктің финалында Азия ойындарының екі дүркін чемпионы қазақстандық Анна Альябева алдына жан салмады. Ол барлық жаттығуды тамаша орындап, Азия чемпионы атанды.

Бүгін топтық жаттығулар бойынша және жасөспірімдер мен ересектер арасындағы жеке біріншіліктің финалдық жарыстары өтеді.

Соңғы жаңалықтар