Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Қазақстандық каратеші Гузалия Гафурова XVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын медальды салды.

68 кг салмақта бақ сынайтын Гузалия алғашқы кездесуінде Өзбекстаннан келген Ділдор Аннадурдиеваны 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін ирандық қарсыласы Пегах Зангенехкаркутиден басым түсті, деп жазды vesti.kz.

Жартылай финалда Вьетнам елінен келген спортшы Тхи Нгуенді 8:5 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен айқаста отандасымыз қытайлық қарсыласы Танг Линглингті тізе бүктірді.

Гузалия Гафурова Азия ойындарында екінші рет топ жарып отыр. Отандасымыз 2014 жылы Инчхондағы жарыста да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ол жолы да бүгін жеңген қытай спортшысынан айласын асырған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 алтын 8 күміс 28 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.

  • 27 Тамыз 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар