«Қазақтың Ломаченкосы» Сабырханға сенім артамын". Тұрсынғали Еділов үміт артатын боксшыларды атады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтың Ломаченкосы» Сабырханға сенім артамын". Тұрсынғали Еділов үміт артатын боксшыларды атады

«Қазақтың Ломаченкосы» Сабырханға сенім артамын". Тұрсынғали Еділов үміт артатын боксшыларды атады

Сидней Олимпиадасында мерейімізді үстем еткен Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмаділов секілді есімдердің жарқырай көрінуіне Тұрсынғали Еділов сияқты бапкердің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

  • 14 Маусым 2022
  • 185
Фото - Caravan.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік бапкердің бүгінгі қазақ боксының жай-күйі туралы  Айқын  басылымында айтты. 

– Қазақ боксының қарқыны бұрынғыдай емес. Оны сарапшылар да растайды. Жалпы төртжылдық­тың басты додасына боксшыларды қалай даярлау керек?

– Тәжірибелі бапкерге тех­ни­ка мен тактикадан бөлек стра­те­гияны да жақсы білу қажет. Бокста алысты көре білетін, стра­те­гиялық тұрғыдан ойлайтын ма­ман аз. Спортшының психо­ло­гия­­­лық дайындығы да өзекті мә­селе.

Қазір боксқа қаражат жақсы бөлінеді. Алайда соны игеру үшін спортшыларды қажеті жоқ жаттығу жиындарына апарып, шаршатып тастаған. Дзюдо, күрес болсын, тәжірибесі бар, Олимпиада чемпионы болған­дар­дың өзі нөл нәтижемен келеді. Өйткені жүйе дұрыс емес.

Ұлттық олимпиада коми­тетіңде спортшылардың аяқ алы­сын бағамдап, қарым-қабілетіне баға бере алатын мамандар болуы керек. Мәселен, Иранның балуан­дарын көп жаттығу жиы­ны­нан көрмейсің. Бірақ Олим­пиада чемпионы болып жатады. Өйткені жүйе жақсы жолға қойылған. Азия чемпионат­тарына, Азия кубогы сияқты ресми жарыстарға ғана шығады. Біз сияқты оңды-солды шыға бермейді. Өткенде қарасам, Таиланд, сосын Сербияға 45 адам барды дейді. Таиландқа бір емес, үш команда апарған. Бұқаралық спортта жаттықтырушылар қара­жат жеткізе алмай жүреді. Ал мына жақты босқа кетіп жатыр. Осын­дай сәйкес келмейтін дүние көп.

Бұрын әр өңірдің бокс мектебі болатын. Олардың ешкімге ұқсамайтын спортшылары көзге түсетін. Әрқайсысының өз стилі бар. Қарағанды, Жамбылдың бокс мектебі мықты болды.

Қазір ірі жарысқа баратын­дарды «Анау Олимпиадаға бар­ған, тәжірибесі көп. Мынау әлем чемпионы болған, оны апармасақ болмайды. Ал мынау қола алып келген, бұл да құр қайтпас» деп таңдаймыз. «Осы спортшыны апарамын, бітті» деп жауапкер­шілікті мойнына ала алмайды. Әйтпесе, жанып тұрған балалар көп.

Кезінде Бекзат Саттарханов­ты әріптестеріңіздің пікіріне қарамай апардыңыз. Шын мәнінде, Бекзат Қазақстан чемпионатында жеңілген еді. Бапкер ретінде Бек­заттың бойынан қандай қасиетті байқадыңыз?

– Оның салмағында Азияда жеңген, олимпиадаға барған бокс­шылар болды. Әрине, олар­ды да апарып көруге болар еді. Алайда үлкен тәуекелге бардық. Бекзатты сырттай бақылап жүріп, әлі ашылмаған қыры көп екенін байқадым. Жылдамдығы, реак­циясы бар. Алдағы бір-екі жылда керемет нәтиже көрсететініне сендім. Ол кезде Спорт, Олим­пиада комитетін басқарғандар маған қолдау білдірді. Команданы жасарту үшін жаңа леп керек болды.

– 20 жастағы шәкіртіңіз қазақ боксшыларынан бірінші болып Олимпиада жеңімпазы атанды. Мінезі қандай еді, Сиднейдегі сәттерді жиі еске аласыз ба?

– Бекзаттың алдына қойған мақсаты бар еді. Соған қарай ұмтылатын. Жауапкершілігі мол. Жастығына қарамастан үлкенді сыйлап, елмен араласып жүретін. Тәрбиелі, білімді, ақылды еді. Ең бастысы, алға қойған мақсатына жетуге талпынатын. Шетелдерге шыққанда дүкен аралаймыз. «Аға, не кисем екен?» деп сұрай­ды. Бренд, қымбат киімдерді кө­ріп, «Мұндай нәрсені алатын­дай бай емеспін ғой» деп күлетін.

Өкініштісі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ атын шығарған маман ретінде ешкім кездесуге шақырған емес. Елеусіз қалғаныңа қынжыласың.

– Олқылықты түзеп, қызметке шақырып жатса, келісер ме едіңіз?

– Ұлттық құрамаға емес, жа­сөс­пірімдер мектебіне барып, ба­­лаларды боксқа баулысам дей­мін.

 

болашақ боксшылар

– Алда әлем чемпионаты келе жа­тыр. Шаршы алаңнан кімдерді көр­гіңіз келеді?

– Ол жағын айта алмаймын.

– Көңіліңізден шығатын спорт­шылар бар шығар…

– Әрине, бар ғой. Махмұд Сабырханға сенім артамын. «Қазақтың Ломаченкосы» деп жатыр. 48 келі салмақта ел намы­­сын қорғаған Теміртас Жүсіпов 30 жастан асқан ша­ғында әлем чемпионатында топ жарды. Ең жарқын жеңіс Теміртасқа тиесілі болды. Неге оның алдында Олимпиадаға, Токиоға апармаған деген ой келеді. Кімді көргіңіз келеді деп жатырсыз. Ұлттық құрамаға барып қарайтын уақыт та, жағ­дай да болмай тұр. Турнир­лерге бармаймын. Бапкер болған соң шәкіртіңмен бару керек.

– Геннадий Головкин мен Қанат Исламды да баптадыңыз кезінде. Кейінгі жекпе-жектерін көрдіңіз бе?

– Иә, Головкин маған 2000 жылы келді. Талай жарыста жеңіс­ке жеттік. Астанада әлем кубогын аштық. Ермахан, Болат Жұмаділовтің ізін басқан талай мықты боксшы болды. Қанат Ислам Қытайдан келгенде аза­мат­тық алып беріп, құжат­тары­мен біраз жүгірдік. Олим­пиадаға сәл кешігіп қалды.

Головкинге кейінгі жекпе-жектер кішкене қиындау тиген сияқты. Бұл жаста бұрынғыдай қарқын болмайды. Тек тәжірибе­мен жеңесің.

– Енді мексикалық Канеломен кездесейін деп жатыр…

– Иә, соған барсам деп жүр­мін. Балам хабарласып, «қазірден билет алып қояйық, Головкинмен кездесейік» деп жатыр. Бұл бокс кешін тамашалайтын сәтке де жетерміз.

Соңғы жаңалықтар