Қытайда Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионаты өтеді

Қытайда Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионаты өтеді

Бүгін Қытайдың Гуижоу (Guizhou) қаласында Гуйжоу университетінің стадионында Бейжің уақытымен 21.00-де Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионаты басталады.

  • 27 Мамыр 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Астана мен Бейжіңнің арасындағы уақыт айырмашылығы 2 сағатты құрайды. Жалпы екі күнге созылатын бұл дүбірлі дода кезінде Бүкіләлемдік бокс сериясының рейтингінде үздік шыққан 10 былғары қолғап шебері өзара қолғап түйістіреді. Бұған дейін Макаода өтеді деп жоспарланып келген бұл бәсекеде жеңімпазға 20 мың АҚШ доллары мен Олимпиада жолдамасын беру көзделген. Олар Лондон Олимпиадасы кезінде Бүкіләлемдік бокс сериясы жеңімпазы ретінде өнер көрсетпек.

Шаршы алаңда алдымен 54, 61 және 91 келіден жоғары салмақтағы боксшылар сайысқа түседі. Олардың арасында Қазақстаннан «Астана арландары» командасының 2 боксшысы бар. Олар 54 және 61 келі салмақтағы Қанат Әбутәліпов пен Ержан Мүсәпіров. Қазақстандықтардың қарсыласы «Париж Юнайтед» командасынан француз Нордин Оуваали (Nordine OUBAALI) мен «Бейжің айдаһарлары» командасынан қытайлық Жимин Уанг (Zhimin WANG) болмақ. Ал аса ауыр салмақта итальяндық Клементе Руссо әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен жекпе-жекке шығады. Ертең бұл сайыс 73 пен 85 келі салмақтағы боксшылар арасында өтеді. Онда украиналық Сергей Деревианченко мен әзірбайжандық Солтан Мигитинов, алжирлік Абделхафид Беншабла (Abdelhafid BENCHABLA) мен франциялық Лудовик Грогухимен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар