Роналду Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына жеке оққағарларымен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына жеке оққағарларымен келеді

Роналду Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына жеке оққағарларымен келеді

Оның бірі - ММА шебері, екіншісі - матадор.

  • 4 Маусым 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz


9 маусым күні Португалия ұлттық құрамасы Мәскеуге ат басын бұрады. Кейіннен Кратовоға аттанып, "Сатурн" жаттығу базасына жайғасатын болады. Команда сенімді қарауда болғанмен, Роналду өзімен жеке екі бірдей қорғаушысын ерте келетін көрінеді, деп жазды vesti.kz

The Mirror басылымы хабарлағандай, португалдық футболшы жеке басының қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол Ресейге өзімен бірге аралас жекпе-жек шеберіГонсадо Сальгадо мен матадор Нуну Да Круз Марекошты ерте келеді.

Сальгадо Роналдудың сенімді қорғаушыларының бірі. Салмағы 140 кг тартатын қорғаушы спортшы кезінде бұдан да ауыр болған. 2006-2011 жылдар аралығында 9 жекпе-жек өткізген. 7 кездесуінде жеңіске жетіп, 2 рет жеңілген.

Танымал шабуылшының жеке қорғаушысымен түскен суреттерін жиі байқауға болады.

Марекош жайлы ақпарат аз. Ол бұрын әскери қызметте болған. Әуежай қауіпсіздігі агенттігін басқарған. Ең бір қызығы, ол матадор екен. Дұрысы – фуркаду. Матадор мен фуркадуда айырмашылық бар. Португалдық коррида сайысы испандықтардікі секілді емес. Оларда бұқаны өлтірмейді. Фуркаду шайқасқа құр қол шығады, және олар бір емес бірнешеу болады. Басты мақсат – бұқаны мүйізінен ұстап, әбден шаршату қажет.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионаты кезінде ИШИМ лаңкестік ұйымы танымал футболшыларға қастандық жасағысы келетіні жайлы ақпараттар тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар