Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.
Құрама сапында Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов, Ерлік Сертай, Богдан Лукин, Аңсар Қасен, Михаил Кузьмин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Қайдарова және Ләззат Қарипова бар.
Айта кетейік, Гран-при жарысы 19 сәуірге дейін жалғасады.