Сенім артқан Арли Чонтей жүлдесіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенім артқан Арли Чонтей жүлдесіз қалды

Сенім артқан Арли Чонтей жүлдесіз қалды

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан ерлер арасында 56 келіге дейін салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.

  • 8 Тамыз 2016
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұл сайыста Қазақстанның намысын Арли Чонтей қорғаған. Жұлқа көтеруде отандасымыз 130 келіні бағындырып, бесінші орынға табан тіреген. Ал серпе көтеруде алғашқы мүмкіндігінде 148 келіні мойындатқан. Бірақ кейін 153 және 154 келі зілтемірді көтере алмады. Қос сайыстың нәтижесі бойынша 278 келіні көрсеткен Чонтей төртінші орыннан көрінді.

Бірінші орынды қытайлық Лун Цинцюань еншіледі — 307 (137+170) кг. Одан төрт келіге аз көтерген солтүстік кореялық Ом Юн Чхоль екінші орын алды — 303 (134+169). Ал қола жүлде таиландтық Синфет Круаитонгке бұйырды — 289 (132+157) кг.


 

 

Соңғы жаңалықтар