2 шілде күні Францияның Вендее қаласында жалауы көтерілген бұл дүбірлі додада қазақстандық «Астана» велоклубы командалық есепте 9-орында келе жатыр. Бұл сында астаналық шабандоздар арасында Александр Винокуров 27-ші, Дмитрий Фофонов 28-ші, Роман Кройцигер 92-ші, Андрей Гривко 146-шы, Андрей Зейц -159-шы, Реми Ди Грегорио 177-ші, Томас Вайткус 184-ші, Максим Иглинский 185-ші боп мәре сызығын кесіп өтті. Бұған дейін 139,7 шақырымдық алғашқы кезеңде астаналықтар арасынан ең жоғарғы нәтижені Саймон Кларк көрсеткен болатын. Онда сөреге Саймон Кларк 4-ші, Танел Кангерт 25-ші, Фридрик Кессиакофф 27ші, Жозеф Жуфре Роу 38-ші, Андрей Мизуров 42-ші, Евгений Непомняший 54-ші, Роман Киреев 68-ші, Роберт Кисерловский 98-ші боп келді.
Жалпы «Тур де Франс» көпкүндігі 21 кезеңнен тұрады. 24 шілде күні Париждегі Елисей алқабында аяқталатын бұл дүбірлі дода 34 71 шақырымға созылмақ.