Василий Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Василий Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен ұтылды

Василий Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен ұтылды

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ.

  • 27 Шiлде 2021
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.

Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды. 

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті. 


Соңғы жаңалықтар