Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “Қазақ Титан” деген лақап атпен танымал отандасымыздың тұратын үйі құлаудың алдында тұрғанын және макарон жеп жаттығу жасап жүргенін мәлімдеді.
”Қазақтың кәсіпқой боксшысы Алмат Жұманның жағдайы мәз емес. Тұратын үйі құлаудың алдында тұр. Жүрегі қан жылаған батырымыз сұхбат барысында макарон жеп жаттығу жасап жүргенін жасырмады.
Алып тұлғалы бауырымыздың ешкімге керексіз болып жүргені өкінішті, достар! Алматты бірге қолдайық, ағайын. Көптеген елдер осындай батырды мақтан тұтып, ұлттық брендке айналдырады. Ал біз кейде өзіміздің асылдарымыздың қадірін түсіне алмаймыз…
Алмат Жұмандай азаматты дәріптеу бәріміздің ортақ ісіміз. Сторисімді көріп отырған достарым, сығалап қарағанша бөлісіп отырыңыздар. Макарон жеп чемпион болған батырды өз халқы тануы керек”, — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.



Айта кетейік, Алмат Жұманов (Qazaq Titan) ағымдағы жылдың 16 мамырында Эквадор астанасы Кито қаласында өткен жекпе-жекте WBC Latino Silver чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Осылайша, ол WBC тұжырымы бойынша Латын Америкасында чемпион атанған алғашқы қазақ болды.