Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Лас-Вегасқа барды.

  • 24 Маусым 2021
  • 152
Фото - Caravan.kz

26-маусым күні осы қалада Жәнібек бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Лас-Вегастамыз. Сенбі Лас-Вегаста үлкен жаңалық болады және оны бүкіл әлем естиді. Вегаста болған жағдай, Вегаста ғана қалмау керек. Мен қазақша стилімді көрсетемін", — деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.

Әлімханұлы — Брант айқасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кездесуінің андеркардында өтеді. Қазақстан уақытымен ол 27-маусым таңғысын болады. Трансляцияның басталуы 08:00.


Соңғы жаңалықтар