Жанкүйерді басынан тепкен «Марсель» футболшысы алаңнан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанкүйерді басынан тепкен «Марсель» футболшысы алаңнан қуылды

Жанкүйерді басынан тепкен «Марсель» футболшысы алаңнан қуылды

Еуропа лигасының аясында Францияның «Марсель» клубы мен Португалияның «Витория Гимарайнш» командасы арасындағы ойын алдында оқыс оқиға болды. 

  • 3 Қараша 2017
  • 534
Фото - Caravan.kz

Өз жанкүйерлерімен керісіп қалған  «Марсель» қорғаушысы Патрис Эвра олардың бірінің басынан тепкені үшін ойын басталмай жатып, алаңнан қуылды.

Францияның L'Equipe газетінің журналисі Карим Аттаб Twitter-де «Эвраны өз жанкүйерлерінің бірі балағаттаған», — деп жазды. «Ойыншы бұған 30 минуттай шыдап, ақыры болмаған соң «Марсель» фанаттары отырған секторға барады. Жанкүйерлер де оған қарай жақындап, Эврамен және марсельдіктердің басқа да ойыншыларымен сөз қағыстыра бастаған. Өзін балағаттаған кезде бұған шыдай алмаған Эвра жанкүйерлердің бірінің басына теуіп кеп жіберді».

Бұл қылығы үшін матч төрешісі Томаш Богнар оны алаңнан қуды.


Эвра «Манчестер Юнайтед» сапында бес дүркін Англия чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған.

 

Соңғы жаңалықтар