Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді

Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді

 

  • 15 Ақпан 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz— ке сілтеме жасап. 

BoxRec мәліметінше, Тұраровтың кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі бұрын айтылғандай 18 наурыз емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.

Жанқоштың қарсыласы — Алехандро Менесес (16-5, 9 КО), мексикалық боксшы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Еске салайық, Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта аяқтап, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.


Менесес кейінгі рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар