Шарапова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына бұл шешімді Спорттық арбитражды сотқа беретінін жазған (CAS).
Өзін спорт жарыстарынан шеттетуіне байланысты Шарапова Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Мұнан бөлек Үлкен шлемнің бес дүркін жеңімпазы Австралия-2016 ашық чемпионатында ширек финалға шығып, алған ақшалай сыйақысынан, ұпайларынан айырылады.
7 наурызда АҚШ-та баспасөз мәслихатын өткізген Мария Шарапова қаңтар айында Australian Open кезінде допинг-тесттен,ағзасынан мельдония анықтағанын айтқан. Оның сөзінше, бұл препаратты бірнеше жыл қатарынан ішкен. Бірақ мельдония тек бірінші қаңтардан бастап, тыйым салынған тізімге енген.