Жыл жекпе-жегі: Головкин мен Альварестің гонорары қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл жекпе-жегі: Головкин мен Альварестің гонорары қанша?

Жыл жекпе-жегі: Головкин мен Альварестің гонорары қанша?

Британдық The Telegraph басылымы 16 қыркүйектегі Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жектен алатын қаржылай сыйақысы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 14 Қыркүйек 2017
  • 531
Фото - Caravan.kz

Басылым мәліметінше, әр боксшы жекпе-жек үшін 15 миллион доллардан, сондай-ақ, ақылы трансляция сатылымдарынан өз үлестерін алады.

Сонымен қатар, «Канело» андердог мәртебесіне қарамастан, PPV сатылымдарынан көлемді үлесін алмақ. 

Golden Boy Promotions басшысының болжауы бойынша, PPV сатылымдары шамамен 1,5 миллион жазылушыларды қамтиды, бұл шамамен 100 миллион долларға тең. Аталған қаржының 60%-ы боксшыларға тең бөлініп беріледі.


Соңғы жаңалықтар